15 мамырдан бастап "Еуразиялық Капитал" АҚ KZ2C00010924 (EUCPb1) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

15.05.24 09:38
/KASE, 15.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 13 мамырында "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) KZ2C00010924 (EUCPb1; 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 10,00 %, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 15 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/EUCPb1/ [2024-05-15]