14 мамырдан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның KZ2C00011328 (KAFIpp6) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

14.05.24 16:49
/KASE, 14.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 13 мамырында "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның (Астана) KZ2C00011328 (KAFIpp6; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 14 мамырынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/KAFIpp6/ [2024-05-14]