KASE Листингілік комиссиясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00011328 (KAFIpp6) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

13.05.24 18:05
/KASE, 13.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 13 мамырында "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00011328 облигацияларын (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға KAFIpp6 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-05-13]