"Еуразиялық Капитал" АҚ KZ2C00010924 (EUCPb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

13.05.24 15:12
/KASE, 13.05.24/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2024 жылдың 13 мамырында "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) KZ2C00010924 облигацияларын (1 000 теңге, 8,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 10,00%, 30/360) баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға EUCPb1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "Еуразиялық Капитал" АҚ-ның негізгі қызметі – брокерлік дилерлік қызметті жүзеге асыру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-05-13]