/KASE, 13.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Банк" Bank RBK" АҚ (Алматы) KASE-ге Банктің
2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық
есепті ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
-----------------------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
------------------------------------------- ------------- -------------
Меншікті капитал 163 104 777 119 565 360
Жиынтық активтер 2 044 268 435 1 983 929 930
Жиынтық міндеттемелер 1 881 163 658 1 864 364 570
Таза пайда (таза шығын) 49 499 456 37 068 667
Жай акцияның баланстық құны, теңге 99 72
Артықшылықты акцияның баланстық құны, теңге 11 101 11 101
ROA, % 2,42 1,87
ROE, % 30,35 31,00
-----------------------------------------------------------------------
Банктің 2023 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "Эрнст энд Янг" ЖШС
жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық
есептілік барлық маңызды қатынастарда "Банк "Bank RBK" АҚ мен оның
еншілес ұйымының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған
қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы
ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/INBN/inbnf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-05-13]