/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2024 жылдың 04 мамырында "KMF (КМФ)"
Микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011299 облигациялары
(MFKMb4; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық купон; орналастыру
бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша
айқындалатын болады; 30/360) негізгі алаңын "коммерциялық
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады,
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 06 мамырынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFKMb4/
[2024-05-06]