Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009552 (EABRb33) облигациялары
айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
06.05.24 10:10
/KASE, 06.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06
мамырынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009552 дисконттық
облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EABRb33; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 06.02.24 – 06.05.24;
actual/365) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2023 жылдың 13 наурызынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 08 ақпанынан бастап
ашылды.
[2024-05-06]