"5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС-нің KZX000000690 (AOILe1) халықаралық
облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды
06.05.24 09:56
/KASE, 06.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
06 мамырынан бастап "5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС-нің (Астана) KZX000000690
халықаралық облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты,
AOILe1; $15,0 млн; 06.05.21 – 06.05.24; тоқсандық купон, жылдық 8,00%,
30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізіміне 2021 жылдың 01 шілдесінен
бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 09 қарашасынан бастап ашылды.
[2024-05-06]