"ЛОТТЕ Рахат" АҚ акционерлері компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

03.05.24 15:59
/KASE, 03.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, сонымен қатар, келесі шешімдер қабылдады: - компанияның 2023 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның 2023 жылғы таза кірісін келесі тәртіппен бөлу: - 2 610 000 000,00 теңгені компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жұмсау; - таза кірістің қалған бөлігін бөлмеу және компанияның бөлінбеген пайдасының шотында қалдыру. Ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_special_shareholders_meeting_results_300424_1085.pdf [2024-05-03]