/KASE, 03.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2024 жылдың 02 мамырында
өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
- 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша
бұрын төленген 20 212 291 941,40 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді
ескере отырып, 21 885 771 876,00 теңге дивидендтер төлеуге
жіберілсін;
- 1 298 325 182,60 теңге мөлшерінде қалған сома компанияның
иелігінде даму мақсаттарына қалдырылсын.
Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_results_020524_3288.pdf
[2024-05-03]