"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі "АҚ облигациялары негізгі
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті
02.05.24 18:00
/KASE, 02.05.24/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы
(KASE) 2024 жылдың 02 мамырында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы
холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі алаңының
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2C00010353 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360);
- KZ2C00011211 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360);
- KZ2C00011229 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360);
- KZ2C00011237 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360).
- KZ2C00011245 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық
купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360).
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 23 қазанында
1,5 трлн теңге сомаға тіркеген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі"
АҚ-ның тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші–алтыншы
болып табылады.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшілері мен
андеррайтерлері – "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk
Finance" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ.
Аталған облигацияларға BTRKb10, BTRKb11, BTRKb12, BTRKb13 және
тиісінше BTRKb14 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толық ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланады.
[2024-05-02]