"Сентрас Секьюритиз" АҚ акционерлері 2023 жыл үшін дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

02.05.24 15:17
/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 29 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімдері жөнінде KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - 2023 жылдың аудиторлық есебін назарға алу; - 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза жинақталған пайданы бөлмеу, 2023 жылға дивидендтер есептемеу және төлемеу. Ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSEC/csec_special_shareholders_meeting_results_290424_265.pdf [2024-05-02]