30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America
Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
29.04.24 17:37
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 сәуірiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
07 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America
Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 10 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-04-29]