/KASE, 29.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен
31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық
симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді.
Үш аптаның қорытындысы бойынша (01-26 сәуір аралығында) сауда-саттық
көлемі 7 655,6 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа
тәуліктік көлемі 382,7 млн теңгеден асты.
Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше
978 және 1 468,0 млн теңгені құрады.
Төменде 2024 жылдың 01-26 сәуірі аралығында құралдар бөлінісінде
жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:
-------------------------------------
Мәмілелер Көлемі,
Сауда-саттық коды саны млн теңге
----------------- --------- ---------
ASBN 1 774 1 371,7
KSPI 1 309 1 368,9
FHJIds 670 1 047,4
HSBK 739 804,3
CCBN 475 572,2
KZTO 526 515,0
KCEL 554 504,3
KZAP 418 379,9
KZTK 361 351,4
KEGC 434 344,5
BAST 276 218,4
RAHT 267 134,5
IE_FXBF 151 25,3
KMGD 304 13,9
BSUL 100 4,1
----------------- --------- ---------
Барлығы 8 358 7 655,6
-------------------------------------
Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін
6 720 қатысушы тіркелді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру болып табылады.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына мына
сілтеме бойынша қолжетімді
https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/
[2024-04-29]