"BASS Gold" ЖШС KZ2P00009707 (FPSTb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

29.04.24 09:28
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап "BASS Gold " ЖШС (Ұлытау обл.) KZ2P00009707 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FPSTb1; $100, 1 10,0 млн; 20.04.23 – 27.04.24; тоқсандық купон, жылдық 10,75%, 30/360) облигацияларыайналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 19 сәуірінен бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 21 сәуірінен бастап ашылды. [2024-04-29]