"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлері KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

26.04.24 17:38
/KASE, 26.04.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған ақпараттық хабарламада былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) 2024 жылғы 25 сәуірде өткен Банк акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысында Банктің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Банктің жай акциялары (ISIN KZ000A0LE0S4) бойынша дивидендтер төлеу жөнінде қабылданған шешімі туралы хабарлайды: бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері: 25,43 теңге; дивидендтерді төлеу басталатын күн: 2024 жылғы 3 маусым; дивидендтерді төлеу тәртібі және нысаны: 2024 жылғы "15" мамыр күнінің басындағы жағдай бойынша (00 сағат 00 минут) (Алматы қаласының уақыты бойынша) дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн; дивидендтерді төлеу нысаны – қолма-қол ақшасыз. Банк акционерлеріне төленуге тиісті дивидендтер сомасы 277 397 404 056,36 теңгені құрайды. дәйексөздің соңы Толық ақпарат орналастырылды: https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_260424_kz_1.pdf – қазақ тілінде; https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_260424_rus_1.pdf – орыс тілінде; https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_260424_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-26]