"ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС өзінің KZ2P00010457 (MFDFb1) облигациялары бойынша бiрiншi купонның төленгені туралы хабарлады

26.04.24 12:33
/KASE, 26.04.24/ – "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 24 сәуірінде өзінің KZ2P00010457 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDFb1) облигациялары бойынша бiрiншi купондық сыйақы төленгені туралы хабарлады. Аталған хабарламаға сәйкес аталған сыйақы 29 894 943,75 теңге сомасында төленді. [2024-04-26]