"СевКазЭнерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
25.04.24 17:23
/KASE, 25.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "СевКазЭнерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 000 000 дана;
- компанияның 143 863 799 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯ" АҚ
болып табылады.
[2024-04-25]