"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ "Құрманғазы" құрылымы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы хабарлайды

25.04.24 10:34
/KASE, 25.04.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы ... жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу-сату шарты шеңберінде "ҚазМұнайТеңіз" ҰҰК-нан ҚМГ ҰК-ға Құрманғазы құрылымына жер қойнауын пайдалану құқығы берілгені туралы және Каспий теңізінде орналасқан Құрманғазы құрылымы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге ("Келісім") толықтырулар туралы хабарлайды. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Келісімге Қосымша мемлекеттік тіркелген күннен бастап – 2024 жылғы 11 сәуірден бастап жүзеге асырылды. дәйексөздің соңы Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_240424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_240424_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_240424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-25]