/KASE, 24.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
24 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі
бойынша жеке 11 млн 379 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылғы
1 тоқсанмен салыстырғанда 1 млн 30 мың тоннаға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды
тасымалдау көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27 мың
тоннаға ұлғайып, 4 млн 327 мың тоннаны құрады. "Атырау мұнай өңдеу
зауыты" ЖШС 1 млн 414 мың тонна, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС –
1 млн 360 мың тонна жеткізілді, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС – 1
млн 458 мың тонна, "CASPI BITUM" БК" ЖШС – 95 мың тонна.
"Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара"
учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 514 мың тоннаны құрады,
бұл 2023 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштен 105 мың тоннаға артық.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_240424_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_240424_.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_240424_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-04-24]