АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.04.24 12:43
/KASE, 24.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана, артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана; - компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 896 772 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR METALS FZCO болып табылады, оның меншігінде 109 131 836 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,35 %) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99 %) және 9 191 128 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 92,87 %) бар. [2024-04-24]