24 сәуірден бастап "Home Credit Bank" АҚ KZ2C00011120 (HCBNpp1) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

24.04.24 10:35
/KASE, 24.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 22 сәуірінде "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00011120 " (HCBNpp1; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге, 2 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 24 сәуірінден бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/HCBNpp1/ [2024-04-24]