24 сәуірден бастап жай акциялар ALPHABET INC. US02079K1079 (GOOG_KZ) KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді

24.04.24 09:40
/KASE, 24.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап ALPHABET INC. (АҚШ) US02079K1079 (сауда коды – GOOG_KZ) жай акциялары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған акциялар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/GOOG_KZ/ [2024-04-24]