KASE Басқармасы "Home Credit Bank" АҚ KZ2C00011047 (HCBNb12) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады

24.04.24 09:25
/KASE, 24.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 23 сәуірінде "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00011047 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 360 күн; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға HCBNb12 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-04-24]