/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095,
MUM096_0011) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-
саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 29 452 891 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 94,1110 % (кірістілік – жылдық 12,20 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 94,3953 % құрады (кірістілік – жылдық 12,11%).
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 сәуірде болатын
МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011)
орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/news/show/1519764/
[2024-04-23]