24 сәуірінен бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011067 (MFRFb12) облигациялары "таза" бағамен сауда тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

23.04.24 14:21
/KASE, 23.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011067 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb12; 1 000 теңге; 6,0 млрд теңге; 19.04.24 – 19.10.24; ай сайынғы купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-04-23]