"BASS Gold" ЖШС KZ2P00011141 (FPSTb4) облигациялары балама
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
22.04.24 17:00
/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 22 сәуірінде "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау облысы)
KZ2P00011141 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық
12,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының
"облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға FPSTb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-04-22]