/KASE, 22.04.24, 19.04.24, жаңалығын қайталау/ – 2024 жылдың 22 сәуірінен
бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE ақша нарығының жаңа индексін
– MBM_INDEX (Money and Bond Market Index) есептеуді және жариялауды
бастайды.
MBM_Index Қазақстан Республикасының ақша нарығының және мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының (МБҚ) композиттік индексін білдіреді және ақша
нарығының 25 % (TCI) және жиынтық табыс индексінің 75 % (KZGB_DPm1m)
салмағымен эталондық портфель динамикасын көрсетеді.
MBM_Index бастапқы мәні 2024 жылдың 01 сәуірдегі жағдай бойынша
1 000,00 теңге деңгейінде тіркелген.
Индекстің мәні күніне бір рет Астана қаласы уақытының 11:30-да есептеледі
және KASE интернет-ресурсында мына бөлімдерде жарияланады
"Индикаторлар" ("Қор нарығы") –
https://kase.kz/ru/stock_market/ және
"Индикаторлар" ("Ақша нарығы") –
https://kase.kz/ru/money_market/ немесе
жеке жаңалық түрінде.
KASE "Ақша нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты ішкі
құжатына тиісті түзетулер енгізілді, олар 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
[2024-04-22]