"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00010627 (CCBNb35) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.04.24 09:22
/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00010627 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb35; $10 000, 5 50,0 млн; 22.01.24 – 22.04.24; 30/360) дисконттық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 19 желтоқсанынан бастап негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 26 қаңтарынан бастап ашылды. [2024-04-22]