"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00010627 (CCBNb35) облигациялары айналым
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
22.04.24 09:22
/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2024 жылдың 22 сәуірінен бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы)
KZ2C00010627 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты,
CCBNb35; $10 000, 5 50,0 млн; 22.01.24 – 22.04.24; 30/360) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 19 желтоқсанынан бастап негізгі
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 26 қаңтарынан
бастап ашылды.
[2024-04-22]