"Joint Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

19.04.24 11:48
/KASE, 19.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Joint Resources" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 008 859 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Т.Кулибаев болып табылады. [2024-04-19]