/KASE, 19.04.24/ – 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасы
(KASE) KASE ақша нарығының жаңа индексін – MBM_INDEX (Money and Bond
Market Index) есептеуді және жариялауды бастайды.
MBM_Index Қазақстан Республикасының ақша нарығының және мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының (МБҚ) композиттік индексін білдіреді және ақша
нарығының 25 % (TCI) және жиынтық табыс индексінің 75 % (KZGB_DPm1m)
салмағымен эталондық портфель динамикасын көрсетеді.
MBM_Index бастапқы мәні 2024 жылдың 01 сәуірдегі жағдай бойынша
1 000,00 теңге деңгейінде тіркелген.
Индекстің мәні күніне бір рет Астана қаласы уақытының 11:30-да есептеледі
және KASE интернет-ресурсында мына бөлімдерде жарияланады "Индикаторлар"
("Қор нарығы") –
https://kase.kz/ru/stock_market/ және "Индикаторлар"
("Ақша нарығы") –
https://kase.kz/ru/money_market/ немесе жеке жаңалық
түрінде.
KASE "Ақша нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты ішкі
құжатына тиісті түзетулер енгізілді, олар 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
[2024-04-19]