Қазақстан Қаржы министрлігі 16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) өтеуге кірістілігі жылдық 11,45 %-бен орналастыра отырып, 5,6 млрд теңге тартты

18.04.24 17:37
/KASE, 18.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 18 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 5 573 676 554,6 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 16 сәуір күні Қазақстан қор биржасында 5,5 млн МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) өтеуге кірістілігі жылдық 11,45 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1519277/ [2024-04-18]