18 сәуірден бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00011117 (ORBSb2) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

18.04.24 14:48
/KASE, 18.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 16 сәуірінде "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00011117 (ORBSb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон; орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады 30/360) облигацияларының баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады,. Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 18 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/ORBSb2/ [2024-04-18]