"Kaspi Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.04.24 14:46
/KASE, 18.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- банк өзінің 1 154 460 жай акциясын және 127 516 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "KASPI GROUP" АҚ болып табылады, оның меншігінде
17 668 952 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 88,34 %) соның
ішінде банктің 17 347 729 жай акциясы (банктің орналастырылған жай
акцияларының жалпы санынан 94,56 %) және 321 223 артықшылықты акциясы (банктің
орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 64,24 %) бар.
[2024-04-18]