/KASE, 17.04.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE)
2024 жылдың 16 сәуіріндегі шешімімен 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап
қолданысқа енгізілетін "Ақша нарығы индикаторларын есептеу әдістемесі"
(Әдістеме) KASE ішкі құжатына енгізілген № 5 өзгертулер мен толықтырулар
(түзетулер) бекітілді.
Түзетулермен KASE – MBM_INDEX (Money and Bond Market Index) ақша
нарығының жаңа индексін есептеу тәртібі анықталды, ол ақша нарығының
және МБҚ нарығының композиттік индексі болып табылады және ақша
нарығының 25 % (TCI) және жиынтық табыс индексінің 75 % (KZGB_DPm1m)
салмағымен эталондық портфель динамикасын көрсетеді.
Сонымен қатар, MBM_INDEX ұзақтығы (жылдар бойынша) және өзгертілген
MBM_INDEX ұзақтығы есептеледі.
MBM_index индексінің бастапқы мәні 1 000,00 теңге деңгейінде тіркелген.
Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме
бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Методики" бетбелгісі).
[2024-04-17]