18 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011012 (EABRb51) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

17.04.24 14:56
/KASE, 17.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 18 сәуірден бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011012 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb51; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 16.04.24-15.04.25; actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb51/ [2024-04-17]