АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
17.04.24 14:24
/KASE, 17.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 427 059 079 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2024-04-17]