"My Car Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010960 (MFMCb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

17.04.24 14:14
/KASE, 17.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 17 сәуірінде "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00010960 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 1 жыл; тоқсандық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 09 ақпанында 20,0 млрд теңге сомасына тіркеген "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға MFMCb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микронесие беру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-04-17]