"Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00011117 (ORBSb2) облигациялары балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

17.04.24 09:44
/KASE, 17.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 16 сәуірінде "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00011117 (1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға ORBSb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-04-17]