17 сәуірден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797JX62 (US122_2405) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілетін болады

16.04.24 17:16
/KASE, 16.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 17 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің us912797jx62 (US122_2405; $143 404,0 млн; 23.01.24 – 21.05.24, actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары енгізілетін болады. Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2024-04-16]