/KASE, 16.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 17 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің
"мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің
us912797jx62 (US122_2405; $143 404,0 млн; 23.01.24 – 21.05.24, actual/360)
дисконттық халықаралық облигациялары енгізілетін болады.
Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Bank RBK" Банкі" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/
[2024-04-16]