Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 18 сәуірде болатын МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_00011) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

16.04.24 15:11
/KASE, 16.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) өткізілетінін хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздардың түрі: МЕУКАМ-96 ISIN: KZKD00001095 Шығарылымның реттік нөмірі: 0011 / 096 KASE сауда-саттық коды: MUM096_0011 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 171 070 972 Айналысқа жіберу күні: 27.10.20 Айналыста болудың соңғы күні: 26.10.28 Өтеу күні: 27.10.28 Айналыста болу мерзімі: 8 жыл (2 880 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 10,47 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купондық төлемдер кестесі: 1 27.10.21 2 27.10.22 3 27.10.23 4 28.10.24 5 28.10.25 6 27.10.26 7 27.10.27 8 27.10.28 Уақыттық базасы 30 / 360 ------------------------------------------------ ----------------------------- Сауда-саттық күні: 16.04.24 Өтеуге дейін мерзімі: 4,5 жыл (1 631 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00 Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00 Кесім уақыты: 17:00-ге дейін (Т+0) Төлеу күні: 18.04.24 Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша ------------------------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Көрсетілген Қағидалардың мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу қағидалары http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы ереже https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат http://kase.kz/kz/gsecs/show/MUM096_0011 сілтемесі бойынша жарияланған. [2024-04-16]