/KASE, 16.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2024 жылдың 23 мамырында
оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сағат 15:00-де өткізілетіні
туралы KASE-ге хабарлады.
Жиналыстың күн тәртібі:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есеп берушілігін
және шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы;
- компанияның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай
акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және
компанияның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту
туралы;
- компанияның директорлар кеңесінің 2023 жылдағы атқарылған жұмыс
туралы жылдық есебін бекіту туралы;
- компания акционерлерінің 2023 жылы компанияның және оның
лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдары және оларды
қарау қорытындылары туралы;
- компания жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат
KASE интернет-сайтында орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_230
524_3051.pdf
[2024-04-16]