2024 жылдың бірінші тоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ Өзбекстанға 75 мың тонна ресейлік мұнай транзитін жүзеге асырды

15.04.24 11:26
/KASE, 15.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 15 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылдың бірінші тоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 75 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдады, осы жылдың сәуір айында компания аталмыш бағыт бойынша 50 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр. 2024 жылы жалпы көлемі 550 мың тоннаға дейінгі мөлшерде Ресей мұнайын "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына транзитін қамтамасыз ету жоспарлануда. 2023 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна ресейлік мұнайды тасымалдады. "ҚазТрансОйл" АҚ ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес тасымалдайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150424_1_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150424_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150424_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-15]