/KASE, 11.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 09 сәуірінде
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-120 19-шы шығарылымын (KZKD00001129, MUM120_0019)
орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың
11 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 35 638 821 758,6 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 09 сәуір күні Қазақстан қор биржасында
38,3 млн МЕУКАМ-120 19-шы шығарылымын (KZKD00001129, MUM120_0019) өтеуге
кірістілігі жылдық 11,99 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1518854/
[2024-04-11]