/KASE, 09.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Алтыналмас" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 06 мамырында
сағат 11:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс
жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- компанияның 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы жеке қаржылық
есептілігін бекіту;
- 2023 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша компанияның таза
табысын бөлу тәртібін бекіту, компанияның жай акциялары бойынша
дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2023 жылдың
31 наурызындағы жағдай бойынша компанияның бір жай акциясына
есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту;
- компанияның директорлар кеңесінің мүшелеріне 2023 жылға жылдық
бонус төлеуді қарау және бекіту.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_info_06
0524_90924.pdf
[2024-04-09]