09 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында The Walt Disney
Company US2546871060 (DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
09.04.24 09:18
/KASE, 09.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 сәуірiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
08 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Walt Disney
Company (АҚШ) US2546871060 ("KASE Global" секторы, DIS_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де
2024 жылдың 08 шiлдесiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 10 шiлдесiнен
бастап қайта басталады.
[2024-04-09]