/KASE, 08.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "аФинанс шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) Биржаға
Компанияның 2023 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық
есепті берді.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудиттелген деректерге
сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):
---------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.22 31.12.21
----------------------- --------- -----------
Меншікті капитал 1 599 399 1 060 374
Жиынтық активтер 5 410 873 3 113 703
Жиынтық міндеттемелер 3 811 474 2 053 329
Таза пайда (таза шығын) 1 308 136 588 339
ROA, % 24,18 18,90
ROE, % 81,79 55,48
---------------------------------------------
Компанияның 2023 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "ALMIR CONSULTING"
ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есеп берушілік
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "аФинанс шағын қаржы ұйымы"
ЖШС қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке
сәйкес көрсетілген күні аяқталған кезең үшін ақша қаражатының қозғалысын
барлық елеулі аспектілерде дұрыс көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/MFAF/mfaff6_2023_rus.pdf
[2024-04-08]