/KASE, 08.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен
31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық
симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді.
Бірінші аптаның қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 843,6 млн
теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі
168,7 млн теңгеден асты.
Бір қатысушы жасаған мәмілелердің максималды саны мен максималды
көлемі тиісінше 127 және 292,0 млн теңгені құрады.
Төменде 2024 жылдың 01-05 сәуірі аралығында құралдар бөлінісінде
жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:
-------------------------------------
Мәмілелер Көлемі,
Сауда-саттық коды саны млн теңге
----------------- --------- ---------
FHJIds 79 149,0
ASBN 172 148,8
HSBK 132 108,2
KSPI 168 82,2
KZTK 85 80,7
RAHT 54 62,4
CCBN 73 61,0
BAST 39 58,9
KZTO 78 36,8
KCEL 62 24,2
KZAP 55 15,9
KEGC 79 10,3
KMGD 25 2,4
IE_FXBF 17 2,2
BSUL 12 0,6
----------------- --------- ---------
Барлығы 1 130 843,6
-------------------------------------
Қазіргі уақытта "Биржалық тренажер" жобасына қатысу үшін 6 537 қатысушы
тіркелді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық
сауаттылығын арттыру болып табылады.
"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме
бойынша қолжетімді
https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/
[2024-04-08]